Реклама от asia.kz: Картриджи, тонер, принтеры, расходные материалы
Картриджи, тонер, принтеры, расходные материалы по низким ценам
westlan.kz

Байланыс ақпараттары: Тел.: +7 (7052650410)    Email: Amankul-61@mail.ru

 
 

химия әлеміне саяхат. сабақтан тыс іс-шара. Досманова Аманкуль Исабековна, СҚО Тимирязев ауданы Жарқын о

 Тақырыбы: «Химия әлеміне саяхат»

Мақсаты:  Химиялық білімдерін  сараптау

Міндеттері:

 Білімділік: химия курсы бойынша алған білідерін сараптау, жан-жақты мәлімет бері, тереңдету, толықтыру, қорыту.

Дамытушылық: оқушылардың сөйлеу қабілеттерін, дүние танымын, ойлау қабілеттерін арттыруға баулу.

Тәрбиелік: ұйымшылдықа, бірлікке, өз бетінше тұжырымдама жасауға, ізденімпаздыққа, өзін-өзі басқаруға үйрету.

Сабақ түрі: сыныптан тыс сайыс сабақ

Сабақ барысы:

1.     Ұйымдыстыру кезеңі

2.     Мұғалімнің кіріспе сөзі

3.     1-тур. «Өз тобын таңдау кезеңі»

4.     2-тур. «Таныстыру

5.     3-тур. «Кім жылдам»

6.     4-тур. «Бәйге»

7.     5-тур. «Сәйкестігін тап»

8.     6-тур. «Химиялық эстафета»

9.     7-тур. «Жорға»

10.                        Қорытынды

 

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Құрметті қонақтар, оқушылар  біз бүгін химия пәні бойынша«Химия әлеміне саяхат»  атты сайысымызды бастағалы отырмыз. Ұлы ойшыл, қытай философы Конфуцийдің «Естігенімді ұмытамын, көргенімді есте сақтаймын, ал ақыл-оймен істеген ісімді түсінемін» деген екен. Осы нақыл сөзді басшылққа ала отырып сайысымызды бастаймыз.

Ал енді әділ-қазылар алқасын сайлап алайық. (сайланады)

1-тур. «Өз тобын таңдау кезеңі»

Өз тобын таңдау кезеңінде 6 бейметалл таратылып беріледі. Сәйкес периодтағылар бір топ болады.  2 топ жасақталады.  ( С, О, Р, Si, S, N)

2-тур. «Таныстыру .  әр топ өздерін таныстырады. (1-5 балл)

3-тур. «Кім жылдам» .

Бұл турда химиялық элементтердің таңбалары мен салыстырмалы атомдық массаларын үлестірмелер арқылы тез айтасыздар.  (1-5 балл)  

1-топ:  C-12,   Na-23,    Ca-40,   Pb-207,    Sn-119,  N-14,  As-75,  O-16,   F-19,     Cl-35,5,

2-топ:  Al-27,  Mg-24,  Cu-64,  Au-197,   Mn-55,    Br-80,  K-39, H-1,  Fe-56,   Zn-65   

 

4-тур. «Бәйге».

Әр топқа 10 сұрақтан қойылады. Егерде топ мүшелері сұраққа жауап бермесе, басқа топ мүшелері жауап беруге болады (1 сұраққа 1 балл)

1-нұсқа

1.     Қосылу реакциясы дегеніміз не?

2.     Аллотропиялық түр өзгеріс дегеніміз не?

3.     Химиялық реакция типтерін ата

4.     Оттектің физикалық қасиеттері?

5.     Химиялық таңба дегеніміз не?

6.     Жай зат дегеніміз не?

7.     Экзотермиялық реакция дегеніміз не?

8.     Оксидтер дегеніміз не?

9.     Химиялық құбылыс дегеніміз не?

10.                       Алмасу реакциясы дегеніміз не?

2-нұсқа

1.     Ерітінді дегеніміз не?

2.     Ауа қандай газдар қоспасы?

3.     Химиялық теңдеу дегеніміз не?

4.     Бейорганикалық қосылыстардың кластарын ата?

5.     Күрделі зат дегеніміз не?

6.     Сутектің физикалық қасиетін ата?

7.     Орынбасу реакциясы дегеніміз не?

8.     Физикалық құбылыс дегеніміз не?

9.     Қышқыл дегеніміз не?

10.                       Эндотермиялық реакция дегеніміз не?

 

5-тур. «Сәйкестігін тап»

Әр топтың алдына 5 бейметал бойынша сипаттамалар берілген, оқушылар 5 бейметалдың өздеріне сәйкес жауаптарын тауып, қалташаларға салулары керек.

Күкірт

1.     Сары түсті

2.     атом құрылысы: 1s2/2s22p6/3s23p4

3.     бейметалдармен да металдармен  де жақсы әрекетттесетін бейметалл

4.     тотығу дәрежесі:  

5.     2, 0, +4, +6 болатын бейметалл

Азот

1. реттік нөмірі - 7

2. тотығу дәрежесі: -3, 0, +1, +2, +3, +4, +5,  болатын бейметалл

3. нәруыздың құрамына кіретін маңызды бейметалл

4. грек тілінен аударғанда тіршілікке жарамсыз деген мағынаны білдіреді

5. кәдімгі жаңдайда түссіз, дәмсіз, суда оттекке қарағанда нашар еритін иіссіз газ

Фосфор

1. Ar= 31

2. периодтық жүйеде азотпен бір топта орналасқан

3. өте улы, тұрақсыз, сарымсақ иісті, күшті тотықсыздандырғыш

4. диссоциациялануы 3 сатылы болатын қышқылы бар

5. тотығу дәрежесі: -3, 0, +3, +5

Көміртек

1. атом  құрылысы: 1s2/2s22p2

2. сутегімен қосылысы метан деп аталады

3. иіс газын түзетін бейметалл

4. аллотропиялық түр өзгерісі бағалы минерал

5. бастапқы атауы "көмір" деп аталады

Кремний

1. жер қыртысында 25 пайыз болатын элемент

2. таза бос күйінде кездеспейтін бейметалл

3. суда ерімейтін әлсіз қышқыл түзеді

4. сутекті қосылысы силан деп аталады

5. атом құрылысы: 1s2/2s22p6/3s23p2

 

 

6-тур. «Химиялық эстафета»

Тақтаға айналуларды іске асыру тапсырмасы жазылады. оқушылар эстафета жасап айналуларды орындаулары керек. (1 реакция теңдеуі 1 балл)

           1                2                 3                            4

1. H2S SO2 SO3 Na2SO4 BaSO4

                                        5            6

                                        H2 SO4       MgSO4

 

              1               2                 3                       4                           5

2.  CCO CO2 CaCO3 Na2CO3 NaHCO3

                                                     6

                                                    MgCO3

 

7-тур. «Жорға»  Бұл турда әр топтың топбасшылары шығып 15 сұраққа жауап береді. (1 сұрақ 1 балл)

 

 

 

 

Қорытынды: Әділқазылар алқасына сөз беріледі. Жеңімпаз топ анықталады.

 
Пожаловаться на сайт