Сайт создан на конструкторе asia.kz.   Создайте и Вы себе сайт бесплатно!

Байланыс ақпараттары: Тел.: +7 (7052650410)    Email: Amankul-61@mail.ru

 
 

химиялық есептер. 8-сыныпта өткізілетін факультатив сабағының бағдарламасы. Дайындаған Досма

  

ХИМИЯЛЫҚ  ЕСЕПТЕР

8-СЫНЫПҚА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМА

Түсінік хат

           Жалпы білім беретін мектептің жоғары сатысында бағдарлы оқыту жаппай енгізілді. Осыған байланысты оқушыларға мектеп қабырғаларында болашақ  мамандық бағытын таңдау  қажеттілігі туады.   Бағдарлама  бойынша 8-сыныпта химия пәніне 2 сағат аптасына бөлінеді. Бұл сағатта есепке  теориялық және практикалық сағаттан көп ауыспайды . Ал қазіргі заман талабына сай химия бағдарын таңдаған оқушы теориямен қатар  әр түрлі деңгейлі есептерді де тез және тиімді жолдармен шығара білу керек. Соған байланысты 8- сынып оқушыларының жаратылыстану-математикалық бағытының химия бағдарына  «Химиялық есептер »  бағдарламасын ұсынып отырмын. Ол  9 тараудан тұратын 34 сағатқа  есептелген.    Бағдарламаның  негізгі мақсаты-оқушылардың  химия пәнінен  алған  теориялық  білімдерін  есеп арқылы кеңейтіп,   ойлау қабілеттерін  дамыту. Бұл есептерді шығару үшін математикалық амалдарды қолдануға тура келеді. Оқушылардың теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана білуге жағдай жасалған. Химиялық есептер оқушылардың тыңдау қабілетін дамытуға, дәстүрлі емес жағдайда білімін қолданып, шығармашылық деңгейде жұмыс істеу жоспарланған. Осы мақсаттар негізінде арнаулы курс алдында мынадай міндеттер тұр: ғылыми деректерден, ұғымдардан, заңдармен теориядан тұратын химия ғылымының негізін меңгеру; химияның ғылыми маңызын ашу арқылы оқушыларға дидактикалық көзқарас қалыптастыру; оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға жасампаздық іс-әрекет экологиялық мәдениет қалыптасуына жәрдемдесу. Осы арнаулы курсты меңгерген оқушылар химиялық теңдеулер, химиялық формулалар, газдардың көлемі және салыстырмалы тығыздығы т.б. ұғымдарын есептерді шығаруда дұрыс пайдалана біледі деп сенемін. Химия пәнін  оқып  -үйренгенде  есептер шығарып, жаттығулар орындаудың  маңызы  өте  зор. Есеп шығарып, жаттығулар  орындау білімді  тексеру ғана емес, сонымен қатар  оқушыларды  өздігінен  ізденуге де  дағдыландырады. Оқушылар  өз білімдерінің  жетіспейтін  жерлерін  анықтап, онымен  жұмыс  істеуге , қосымша  және  арнайы  әдебиеттерді  пайдалануға  үйретеді. Есеп шығару барысында  оқушының білімі,  зердесі,  ойлау  қабілеті  дамумен  қатар,  химиялық білімді,  заңдарды, құбылыстарды  тереңірек түсінуі  қалыптасады. Оқулықтардың теориялық білімін баянды етуде, ой өрісін кеңейтуде химиядан сандық есептеу шығарудың маңызы зор, сондықтан бұл бағдарламада есептер теориялық материяға негізделеді, сандық мәліметтер пайдаланылады.                                             

       Курстың маңыздылығы

           Химиялық есептер шығару арқылы оқушылардың ой-өрісін артады, теориялық білім мен тәжірибе арасындағы байланысты жүзеге асырылады, оқушылардың химиялық қисынды ойлауын өрістеу, білімдерін іс жүзінде қолдануға мүмкіндік жасайды, табандылық, іскерлік, ізденгіштік, еңбексүйгіштік қасиеттерін қалыптастырады, оқушылардың танымдық және интеллектуалдық қабілеттерін да- мытады, оқушының жеке қызығу мүмкіндіктерін ашады.

Міндеттері: Жаттығулар мен есептер шығару барысында оқушылардың ойлау қабілеттерін, танымдық қабілетін, химия пәніне қызығушылығын арттыру; Өздігінен істейтін жұмысты орындаудың әртүрлі әдістеріне үйрету және салыс тыру нәтижесінде «қорытынды жасау, логикалық ойлау дағдысын» қалыптастыру; Оқушының жеке интеллектуальды дамуы, бойындағы мүмкіндік деңгейін анықтау, жалпы рухани дамуын, танымдық белсенділігін арттыру, шығармашылық әрекетін дамыту.                         

 Оқу процесін ұйымдастыру

Курс бойынша оқу үрдісін ұйымдастыруда келесі негізгі принциптер енгізілді: Курсқа қызығушылықты арттыру; Белсенді қатысу; Еркіндік және диалогқа дайындық; Өз ойына сеніммен қарау.

 Әдістер:Зерттеушілік – ізденіс; Есептер шығару, талдау

Жұмыс түрлері: теориялық сабақтар  (дәрістер), есептер шығару.

Бағалау барысы: Материалдың дұрыстығы, әрі сапалы баяндалу; Ұғымдар мен заңдылықтардың толық ашылуы; Химиялық терминдердің , формулалардың дәл қолданылуы; Дербес жауап; Материалдық логика; Дәлелді баяндау және өзіндік икемділік. 

Күтілетін нәтижелер:

1. Сабақта алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана біледі.

 2. Танымдық қабілеттері дамиды.

 3 мазмұны бар есептерді шеше біледі.

4. есептердің  бірнеше  шығару  жолдарын  біледі.

 Бағдарламаны тақырыптық толықтыру

1.Бастапқы химиялық ұғымдар. (10 сағат)  Химия-заттар туралы ғылым. Кіріспе. Атом мен молекулалар Химиялық эле- менттер. Салыстырмалы   атомдық масса және  салыстырмалы молекулалық масса- сын  есептеу. Күрделі зат құрамындағы химиялық элементтердің массалық үлестерін есептеу. Химиялық  формулалар. Химиялық формулалар бойынша  есептеулер. Зат мөлшері.Молярлық масса. Молярлық көлем. Авогадро заңы Заттар массасының сақталу  заңы. Химиялық теңдеулер. Химиялық реакциялардың типтері.

 2.Атом құрылысы. Д.И. Менделеевтің периодтың жүйесі .(3 сағат). Атом құрылысы. Д.И. Менделеевтің периодтың жүйесі және заңы. Химиялық байланыс.

 3.Бастапқы заттың  біреуі  артық мөлшерде  берілгенде реакция  өнімін  есептеу  (2 сағат) . Бастапқы заттың  біреуі  артық мөлшерде  берілгенде реакция  өнімін  есептеу   

    4.Теориялық мүмкіндікпен салыстырғанда  реакция өнімінің  шығымына  байланысты  есептеулер (2 сағат) Теориялық мүмкіндікпен салыстырғанда  реакция өнімінің  шығымына  байланы- сты  есептеулер.

 5.Газ  тәрізді заттар (5 сағат) Газ  тәрізді заттар. Оттек. Ауа.Сутек.Газдардың молярлық көлемі. Газдардың  тығыздығы мен салыстырмалы  тығыздығы. Газдардың  көлемдік  қатынасы. Термохимиялық   теңдеулер бойынша есептеулер.

6.Тотығу-тотықсыздану  реакциялар (2 сағат). Тотығу-тотықсыздану  реак- циялар

7.Су .Ерітінділер (4 сағат). Су .Ерітінділер. Ерігіштік .Ерітінділердің концентра- циясы. Кристаллогидраттар.

8.Заттардың қоспасына  есептер шығару (2 сағат). Заттардың қоспасына  есеп- тер шығару

9.Бейорганикалық қосылыстарының негізгі кластары (4 сағат). Бейорганикалық қосылыстарының негізгі кластары бойынша есептеулер. 

 

 
Пожаловаться на сайт